Қазақша посттар

Сенімсіз болудың зияндары қандай?

Сенімсіздіктің тамырында адамға өзін еркін сезініп өмір сүруге кедергі жасайтын қорқыныш жатыр. Көп жағдайда ол қорқыныш себепсіз болып келеді және әрекет жасауға кедергі жасайды. Сенімсіз болудың бірнеше зиянын қараңыздар:





Сенімсіздік кесірінен адам қандай да болмасын бастамалардан бас тартады.



Өзгелер оларды сынайды деп қорқынышта өмір сүреді. Кейде өз ойы дұрыс болса да, жеткізе алмайды.





Жаңа адамдармен танысудан қашады. Бұл үлкен қате, себебі сіздің өміріңізге келетін әр адамның сізге беретін білімі мен тәжірибесі бар, сіз өзіңізге көп жақсы қасиеттер алып үйренуіңізге тамаша мүмкіндік.





Бәрібір менің қолымнан келмейді деп, жұмысқа/сабаққа/жобаға өзінің барлық күшін салмайды.





Адам өзінің ішкі Менін таба алмайды. Яғни, өзгелердің айтқанымен жүреді, өзінің қабілетін, талантын ашуға күш жұмсамайды.





Өздерінің ерекшеліктерін түсінбейді және бағаламайды. Көбінесе, өзіне сенімсіз адамдар интроверт болып келеді.





Достар, сенімсіздік - жалқаулық, қызғаныш секілді адамды артқа тартатын қасиет. Тек өзі күшіне, өз армандарына сенетін адамға алға суырылып шығып мақсаттарына жетеді.



Ал, сіздер қалай ойлайсыздар? Ойларыңызбен бөлісіңіздер.