Қазақша посттар
Мотивация

ҰБТ тапсыруды кім қиындатып жүр?

Көлік жүргізу куәлігін алу үшін емтиханға дайындалған адамды көріп пе едің? Түрінен бір қобалжу, уайымдау байқалмайды. Не үшін? Ол да маңызды емтихан емес пе? Олар тесттен өте алмаса да, мәз боп жүре береді. «Келесі жолы тағы тапсырам» дейді немесе кейбіреулері таныс іздей бастайды.


Ал ҰБТ тапсыратындарға түсетін қысым жалғыз емтиханның қысымы емес. Оның артында ұстаз, мектеп, ата-ана, туыстар, көршілер, сыныптастардың алдында ұятқа қалмау қысымы тұрады. Сондықтан «күллі дүние күйіп кетсін, ал мен ҰБТ-ға дайындаламын» деген оймен жүреді.


Алайда ҰБТ жай ғана емтихан емес пе? Оны тапсыратын адам көлік жүргізу куәлігін алуға тест тапсыратын адам сияқты жайбарақат жүруі керек емес пе? Түсіп кетсең керемет, ал түспей қалсаң, «келесі жолы тапсырам» деп уайымсыз жүру керек емес пе?


Қысым жан-жақтан келе береді, ал оны қабылдау – сенің ісің. Барлық қысымды қабылдап алсаң, онда жүк көтеріп алғандай қиналып жүресің. Дайындық десе миың қарсыласып кетеді. Ал ешбір қысымды қабылдамай, өз-өзіңмен еркін дайындалсаң, бәрі жеңіл өтеді.

Ал ҰБТ-ға ойын секілді дайындалып, уақытты көңілді өткізгің келсе, онда JOO.kz курсына қатыс. Біз грант ұтуыңа кепілдік береміз. Толығырақ МЫНА сілтемеде.