Қазақша посттар
Егер сенде аяқ астынан паника пайда болып жатса
Пайдалы кеңестер

Егер сенде аяқ астынан паника пайда болып жатса

Паника - аяқ астынан тыныс алу процесінің қиындап, талып қалуға дейін апаруы мүмкін психологиялық жағдай.


Паниканың симптомдарына: жүрек соғысының жиілеуі, ауа жетпеу, жүректің айнуы және бастың айналуы жатады.

Көбінесе паника стресс, қобалжу секілді сезімдерден ұлғайып, қалыптасады. Одан құтылу үшін мына әдіс-тәсілдерді байқап көрсең болады.

1. Егер сенде аяқ астынан паника пайда болып жатса, қайта-қайта терең дем алып, ішіңнен 20-ға дейін сана. Бұл сені тыныштандырып, паниканы басуға көмектеседі.

2. Қою шай, кофе және дәмдеуіштері көп ащы тағамдар жүйке жүйесіне кері әсер етеді. Сондықтан тамақтану рационыңды реттеп, ағзаға пайдалы тағамдарды көбірек тұтынуға тырыс.

3. Жан түршігерлік кинолар, жаңалықтар қарап, жүйке жүйеңе көп салмақ түсіре берме. Онсызда сенің күнделікті қоршаған ортадан алатын ақпараттарыңның барлығы жүйке жүйеңе өз әсерін тигізуде. Сол үшін қазірден бастап, жүйке жүйеңнің саулығына көңіл бөліп, бей-жай қарауды доғарғаның жөн.

4. Жүйкең тыныш болса да, өзің де тыныш дегендей, бір уақыт өзіңе уақыт бөліп, саған балалық кездеріңді еске түсіріп, бақыт сыйлайтын сәттерді көз алдыңа елестетіп, сезінуге тырыс. Дәл бір медитация жасап жатқандай, терең тыныстай отырып, әрбір бақытты сәттеріңді ой елегінен өткіз.

5. Спорттың қай түрі болмасын, барлығы да жүйке жүйесіне жақсы әсер етеді. Жаяу жүріп қайтудың өзі жүйкеңді стресске төзімді, мықты етуге көмектеседі. Сондай-ақ спортпен айналысудың арқасында, ұйқың да реттеліп, артық адреналин мөлшері де бөлініп шығады.