Ертең не болары белгісіз. Ал өткенді қайтара алмаймыз. Сондықтан дәл бүгін, дәл қазір бақытты болайық. Ол үшін Дейл Карнегидің 10 кеңесін оқып шық.
- Дәл бүгін бақытты боламын. Адамдардың көбі өзін қаншалықты бақытты болуға лайықпын деп есептесе, соншалықты бақытты болады.
- Дәл бүгін қоршаған ортаны өзімнің ырқыма көндіруге емес, қоршаған ортаның ырқына көндігуге тырысамын. Отбасымды, жумысымды, өмірімдегі басқа да жайттарды сол қалпында қабыл аламын және оларға бейімделуге тырысамын.
- Дәл бүгін денсаулығыма көңіл бөлемін. Жаттығу жасаймын, дене бітімімді күтемін, дұрыс тамақтанып, денсаулығымды қатерге тігетін зиянды әдеттерімді тыюға тырысамын. Ағзам бүкіл талаптарымды орындайтын мінсіз машинаға айналғанша тоқтамаймын.
- Дәл бүгін ой-санамды дамытуға тырысамын. Пайдалы кітаптар оқимын. Жалқаулықты жеңіп, білімімді толықтырамын. Миға күш салатын, зейінімді шыңдайтын, ойлантатын шығармалар оқимын.
- Дәл бүгін қайырымдылық жасаймын, адами қасиеттерімді ұштаймын. Бірінші, біреуге жақсылық жасаймын, бірақ оны өзіне айтпаймын. Екінші, өзім ұнатпайтын екі іспен айналысамын. Бұл өзгеруге арналған жаттығулар.
- Дәл бүгін барлық адамға мейіріммен қараймын. Өзімді жақсы қырымнан көрсетуге тырысамын. Мейлінше жарасып тұрған киімімді киіп, даусымды баяу шығаруға, басқалармен сыпайы сөйлесуге, жанымдағыларды көбірек мақтауға, ешкімге билігімді жүргізбеуге тырысамын. Біреудің қателігін бетіне баспаймын.
- Дәл бүгін осы күнмен ғана өмір сүруге тырысамын. Өмірімдегі бүкіл проблеманы бір уақытта шешіп тастауға ұмтылмаймын. Он екі сағаттың ішінде үлгеруге болатын жұмыстармен айналысамын Мен олармен өмір бойы айналыссам, ақылымнан адасар едім.
- Дәл бүгін жасалуы тиіс шаруаларымның жоспарын құрамын. Әр сағат сайын не істейтінімді жазып шығамын. Бұның барлығын дәл уақытында жасай алмауым мүмкін, бірақ бәрібір тізім құрастырамын. Бұл мені екі келеңсіздіктен – асығыстық пен тартыншақтықтан арылтады.
- Дәл бүгін жарты сағат уақытымды жанымды тыныштандыруға арнаймын. Жалғыз, үнсіз, тыныш отырамын.
- Дәл бүгін ештеңеден қорықпаймын. Әсіресе бақытты болудан. Сұлулыққа тамсанып, өзімді сүйгенді сүйіп, жақсы көріп, сеніммен қараймын.