Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Интроверттерге қай мамандықта жұмыс істеу керек?

Алдымен интроверт дегеннің кім екенін анықтайық. Интроверт ішкі әлемге көп көңіл бөледі. Адамдармен етене араласады, алайда көп адамнан гөрі аз адаммен сөйлескенді дұрыс көреді. Жеке қалғанда іші пыспайды. Көпшіліктің назарында болуды көздемейді. Өз-өзімен сырласа алады.


Интроверттің сипаттамасына сай келетін мамандықтар: программист, инженер, жүргізуші, бухгалтер, ветеринар, жазушы, аудармашы, суретші, корректор, редактор, кітапханашы, статистик, флорист, лаборант. Тағы да басқа жалғыз отырып істеуге болатын мамандықтар.


«Мен интровертпін, бірақ мен таңдаған мамандық жоғарыдағы тізімде жоқ» деуің мүмкін. Әрине, кез келген мамандықты таңдауға еркің бар. Сату менеджері болдың делік. Бұл мамандықта көп адаммен сөйлесесің. Адамдардың назарында болу арқылы күн сайын кешке бойыңдағы бүкіл энергияны сығып алғандай сезінесің.


Мұндай жағдайда бір саланың ішіндегі өзіңе сай келетін мамандықты таңдауға болады. Мысалы, медицинада стоматолог бола аласың. Көпшіліктің алдында жиі көрінуге мәжбүр танымал интроверттер бар: актер Киану Ривз, әнші Леди Гага, режиссер Стивен Спилберг.

Бұл қатып қалған қағида емес. Кез келген салада өзіңді сынап көр.