Неге дейсің бе? Себебі олар да қателеседі. Олардың ілімдері ескіруі мүмкін. Сен олардан мықты болуың мүмкін. Егер ұстаз сенің дамуыңа бөгет болмаса, керемет. Ал, шектеу қойып тастаса, одан ары аспай қалуың мүмкін.
Болған оқиға
1950 жылдары спорт мамандары мына тұжырымға қатты сеніп алған болатын: адам бір мильді, яғни 1600 метрді төрт минуттан кем уақытта жүгіріп өте алмайды. Олар тәрбиелеген шәкірттері де төрт минутта жүгіріп өтетін. Бірақ Роджер Баннистер деген желаяқ бұларға қарсы шығады. Адам төрт минуттан да қысқа уақытта жүгіріп өте алады, мен бұны дәлелдеймін дейді.
Содан дайындалып, бір мильді 3.59 минутта жүгіріп өтіп, бәрінің аузына құм құяды. Кейіннен көптеген спортшылар да осындай уақытта жүгіріп өтеді. Яғни, олар таптаурынды (стереотип) бұзып, жылдамдығын өзгерте білген.
Айтпағымыз сол. Маманның методын, логикасын сыни көзбен қабыл ал. Өз пікірің болсын.