Өкінішке орай ойдағы нәтиже жоқ. Мұғалімдердің айтатыны "барлығы өзіңе байланысты…”, “жылдам нәтиже күтпе…”, “өзіңді басқалармен салыстырма…” т.с.с.
Бұл проблеманың негізгі бір себебі бар. Ол - қалай дұрыс дайындалу керек екенін білмеу! Дұрыс дайындалу үшін - 3 ақ нәрсе қажет! Соның біріншісі жайлы бүгін айтып беремін.
Ең алдымен дұрыс диагноз қою керек. Яғни, ауырып тұрған адамның қай жері ауыратынын нақты анықтамаса, оған берілетін ем еш пайдасын бермейді. Тіпті, ем емес, кері әсерін беріп, зиянын тигізеді.
Тура сол сияқты, дайындықты бастамас бұрын қазіргі деңгейіңізді нақты анықтап алу қажет. Әр пәннің әр тақырыбының әр тақырыпшасын қаншалықты білесіз? Бұл анық болмаса құр сабақ оқи беруіңіз сізге нәтиже бермейді. Тіпті, нәтиже түгілі босқа шаршап, ынтаңыз құриды. Оған қоса ата-анаңыз “босқа ақша төлеп жүрміз ба?” деп қысса қашарға жер таппайсыз.
Дәрігер ем жазып бергеннен кейін, бір аптадан кейін қайтадан келіп анализ тапсыр дейді. Себебі, деңгейіңізді бір рет қана анықтап қою жеткіліксіз, белгілі бір аралықпен деңгейіңізді анықтап, дұрыс бағытта келе жатқаныңызды көріп отыру да маңызды.
Оқушының деңгейін дұрыс анықтау өте маңызды болғандықтан біздің мамандар арнайы “диагностикалық” тест жасап шығарды. Бұл тест сырт көріністе кәдімгі пробный сияқты болғанымен, шын мәнінде үлкен айрмашылығы бар. Бұл “диагностикалық” тесттің әрбір тапсырмасы алдыңғы тапсырманы қалай жауап бергеніңізге қарай анықталады. Мысалы математикадан, сіз көрсеткіштік функцияға байланысты бірнеше тапсырманы орындай алмасаңыз, логарифмнен есеп сұраудың мағынасы жоқ. Себебі түк білмейтін немесе жақсы білетін тақырыптан сұрақтарды сұрай берудің орынына шала білетін тақырыптардан көбірек сұрап деңгейді нақты анықтау маңызды. Тапсырмалардың бұлай берілуі тестіленушінің деңгейін тура анықтаға мүкіндік береді.
Барлығына бірдей білім беру - кез-келген науқасқа бірдей ем берумен тең!
Сіз қалай дайындалып жүрсіз? Білім деңгейіңізді қалай анықтадыңыз? Қай тақырыпты қаншалықты білетініңізді білесіз ба? Қай тақырыпты қашан оқып, қаншалықты есеп шығару керектігін ше?
Біздің курсты өтіп жатқандар сол тест арқылы қазіргі баллын және 31 мамыр күні қандай баллға жете алатынын көре алады! Керемет емес пе?) Ал сен оқудың соңында қанша баллға жететініңді білесің бе?
Дұрыс дайындалу үшін қалған қажетті 2 нәрсе туралы жазайын ба?