Адамда сана, түпсана, бейсана деген үш қабаттың бар екенін естіген боларсыңдар. Бірақ оларды тереңірек зерттеп көрмедіңдер. Қысқаша айтқанда, сана – адамның ойланатын, қысқамерзімді ақпарат сақтайтын бөлімі. 2+2=4.
Түпсана – ұзақмерзімді ақпарат сақтайтын, эмоция мен сезімді тудыратын, сенімді қалыптастыратын бөлім. Мысалы, жыла десе, қараптан-қарап жылай алмайсың. Ол түпсанадан өзі туындайды. Сонымен қатар, сенің есімің – Нұрбақыт екеніне сенесің. Себебі ата-анаң солай деді. «Жоқ, сенің атың – Балтабай» десе, сенбейсің. Себебі миың түпсанаға хабар жіберіп, «Жоқ» деген жауап алады.
Бейсана – ол инстинкт, реакция, рефлекс, т.б. Мысалы, ауызға тамақ түссе, сілекейдің бөлінуі.
Айтқымыз келгені – түпсананың сыртында фильтр деген жұқа қабат болады. Ол сыни ойлауға жауап береді. Фильтрден өткендер түпсанаға енеді. Фильтрден көп нәрсе өте бермейді. Мысалы, жігіт шашын қызылға бояп алса, фильтр оны өткізбейді. Бірақ күн сайын оны көрсете берсе, бір күні ол фильтрден өтіп кетеді. «Жігіт шашын қызылға бояса, дұрыс нәрсе» деген сенім қалыптасып, өзімен бірге басқа да бұрыс сенімдерді кіргізіп жібереді. Не үшін фильтр оны өткізді?
Себебі фильтрдің әлсірейтін кезі бар. Ең қатты әлсірейтін кезі: ұйықтар алдында және ұйқыдан оянғанда. Ұйықтар алдында бірнәрсе жаттасаң, оянған соң қайтадан қайталасаң, ол сенің түпсанаңа бір-ақ барып түседі. Одан кейін ұмытылмайды.
ҰБТ-ға дайындалғанда, ұмытпау керек ақпаратты жаттағанда осы екі уақыттың мүмкіндіктерін пайдалану керек.
Фильрдің тағы қай кезде әлсірейтінін айтайық па?