Мұның бәрі басыңа қалай сыйып тұр? Басың қазандай боп ісіп тұрғандай сезінетін шығарсың? Ендеше саған екі жеңілдік туралы айтайын.
Біріншісі, бірнеше айдан кейін жаттаған тестіңнің жартысын ұмытып қаласың. Бұған біраз уақыт керек.
Екіншісін қазір жасай аласың. Ол санаңа демалыс сыйлау. Яғни, миыңа күш түсірмейтін, көңіліңді көтеретін істерді жасау. Ол кез келген нәрсе болуы мүмкін. Нені ұнатасың?
Мысалы, ән айту, би билеу, ұнататын тамағыңды әзірлеу, сурет салу, кітап оқу, үй жинау, жеңіл кітап оқу, спорттық жаттығу жасау, душқа түсу, саябаққа серуендеу, музыка тыңдау, т.б.