Адам телефонның құлына айналғанда, уақытын шын өмірге қарағанда әлеуметтік желілерге көп бөледі. Ал ойындар оның басты көңіл көтеру құралына айналуы мүмкін. Бұдан қалай арылуға болады?
1. Телефондағы керексіз қосымшаларды жою керек. Кейде біз жылына бір-екі-ақ рет қолданатын немесе мүлдем қолданбайтын қосымшаларды орнатамыз. Ең қажеттілерін ғана қалдыруға тырыс.
2. Жаңа хабарландыру адамның көңілін бөліп, телефонды қайта-қайта ашуға мәжбүрлейді. Тек бірден жауап беруді талап ететін хабарландыруды ғана қалдыруға кеңес береміз.
3. Кейде бірдеңеге жазылып қойып, ол жайлы тіпті ұмытып кетеміз. Бірақ жаңа хабарландыру келуін тоқтатпайды. Кейбір топтар мен каналдарды тазарт.
4. Телефонды кезекте тұрғанда қолданба. Кезекте тұрғанда уақыт еш пайдасыз өтеді деп ойлаймыз. Бірақ ол уақыт аралығында нағыз маңызды мәселелер туралы ойлануға және кейбір заттардың шешімін табуға болады.