Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Жоғары оқу орнын қалай таңдау керек?

1. Жоғарғы оқу орнын таңдағанда міндетті түрде оның көпжылдық тәжірибесіне, беделіне назар аудар. Содан кейін жоғарғы оқу орнының оқытушылық құрамымен танысып, сен таңдаған мамандықтан қандай оқытушылар/профессорлар сабақ беретінін біліп ал.


2. Өзің түскің келетін жоғарғы оқу орны жайлы барлық ақпаратты сұрастырып, білуге тырыс. Ол үшін сол жерде оқитын студенттермен сөйлесіп, ой-пікірлерін сұра. Мысалы, кейбір жоғарғы оқу орындары студенттерді әртүрлі шетелдік университеттермен біріге отырып, тәжірибе алмасуға шетелге жібереді. Сен таңдаған университетте ондай мүмкіндік қарастырылған ба? Оны сол жоғарғы оқу орнының ресми сайтынан да білуіңе болады.


3. Және де, ең бастысы, өзіңе құлақ ас. Барлығы өз қалауыңмен болғаны жөн. Себебі жоғарғы оқу орнында оқып, әрі қарай білім алатын ол - өзің.

Жүрек қалауың мен ақылыңды сабақтастыра отырып, өзің ұнатқан жоғарғы оқу орнының түлегі атануыңа тілектеспіз!