Қазақша посттар
2022-07-28 16:32 Пайдалы кеңестер

География және Шет тілін таңдап, қандай мамандыққа түсуге болады?

Осы екі пәнді таңдап, екі түрлі мамандыққа түсе аласың. Олар: Туризм; Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі.


Бұның ішінде Туризм – туристердің демалуына жағдай жасап, бір елдің көрікті жерлерін әлемнің азаматтарына таныту. Олар туристік компанияларда, оқу орындарында және жарнама агенттіктерінде жұмыс істейді. Оған бөлінген грант саны: 315. Шектік балл: 104.

Саласы туризм болғандықтан шетелде жиі болып, шетелдік қонақтармен жиі сөйлесуге тура келеді. Сондықтан әлемге танымал шет тілдерінде сауатты сөйлеуі қажет.


Келіссөздерді шебер жасай алатын, жақсы кеңес бере алатын адам болуы керек.

Бұл мамандыққа елімізде 43 түрлі университетте оқи аласың. Олардың ең үздіктері: Халықаралық бизнес университеті; Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ; Қазақ спорт және туризм академиясы.


Еңбекақысы жеке қабілетіне байланысты 50 000 теңгеден 750 000 теңгеге дейін өсе береді. Клиенттің көңілін тез табатын, оңай тіл табысатын, проблема шешкіш адамдар бұл салада тез өседі.

Ал «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» мамандығы жайлы білгің келсе, онда JOO.kz бағдарламасындағы «Мамандықтар» бөліміне өт.