Қазақша посттар
Осы фразаларды ұмыт!
Пайдалы кеңестер

Осы фразаларды ұмыт!

1. “Бұл әділ емес”

Үнемі ештеңеге көңілі толмай, жан-жағында болып жатқан нәрселердің барлығын әділетсіз санайтын адамдар ешқашан жетістікке жете алмайды. Олар біреумен ренжісіп, ұрсысып жүргенде, өмірлерінің қалай өтіп кеткенін де байқамай қалып жатады.


2. “Мен бұны тек былай жасаймын”

Кез келген мәселені шешуде қандай да бір қатып қалған қағиданы ғана қолданып, шешім шығару керек деген еш жерде жазылмаған. Сол себепті әрқашан креативті ойлап, "былай жасасам, қалай болады екен?" деген сияқты қосымша идеялар мен жоспарларды қоса алып жүруіңе әбден болады.


3. "Бұл менің жұмысым емес"

Жетістікке жеткен адамдардың барлығы достарына немесе жұмыстастарына көмек қолын созуға әрқашанда дайын тұрады. Олар ешқашан "бұл менің жұмысым емес" деп жұмысты жақсы не жаман деп бөлмейді. Мүмкін олардың жетістікке жетуінің сыры да осында жатқан болар?


4. "Бұл - мүмкін емес"

Осы фразаны айтқаннан кейін әлгі нәрсе сен үшін шыныменде мүмкін емес нәрсеге айналатын болады. Осыған байланысты Альберт Эйнштейн мен Марк Аврелийдің айтқан дәйексөздерін келтіре кетсек:

Эйнштейн: "Біреу келіп, зерттеу жүргізіп, жаңалық ашпағанша, бәрі де мүмкін емес болып көрінеді".

Марк Аврелий: "Егер сенің қолыңнан қандай да бір іс келмей жатса, демек, ол барлық адамзаттың қолынан келмейді дегенді білдірмейді. Бірақ егер ол іс басқа біреудің қолынан келетін болса, онда ол сенің де қолыңнан келеді деген сөз".


5. "Сол кезде былай жасауым керек еді"

Егер қолға алған жоспарың ойдағыдай іске аспай қалса, босқа өзіңді кінәлап, жазғырма. Одан да жетістікке жеткен адамдар сияқты өз қателіктеріңнен сабақ алуға ұмтылып, оларды қайталамауға әрекет жаса.