Қазақша посттар
Мотивация

Грантқа түсуге 3-ақ қадам

«Әр кәлләда бір қиял» деген. Адам болғасын арман көп. Сен көңілің қалаған оқуға грантқа түскің келеді. Оның жоспарын құрып едің, мақсат боп шыға келді. Оның бірінші сатысы: ҰБТ-ға дайындалу. Оны қазір орындап жүрсің. Бірінші сатысы жақсы болса, екінші сатыға өту және орындау ойдағыдай өтеді. «Не ексең, соны орасың» демекші, дайындығың қандай болса, ҰБТ нәтижең де сондай. Сен білімді, математик, вундеркинд болуың мүмкін. Бірақ оның ешқайсысы ҰБТ-ға айтарлықтай жақсы көмектеспейді. ҰБТ-ға көмектесетін жалғыз амал – тұрақты түрде дайындалу.


3 айдан соң мақсаттың екінші сатысын орындау уақыты келеді. Одан сүрінбей өтсең, үшінші сатысына жол ашылады: ол – грантқа оқуға түсу. Себебі кейбіреулер жоғары балл жинай тұра, грантқа түсе алмай қалады. Себебі дұрыс таңдау жасамаған. Ал кейбірі аз балл жинаса да, грантқа түсіп кетеді. Олар JOO.KZ мобильді қосымшасынан қай білім беру бағдарламасына грант көп екенін көріп алады (сілтеме).

Осы үш бөлімді орындасаң, үлкен өмірдің есігі ашылады. Есіктің кілтін жасаушы – сенсің. Ол кілт күн сайын тұрақты түрде дайындалу арқылы жасалады. Сәттілік!