Біздің ғалымдар да аздап қуады. Бірақ солардан идея пайда болып, мүлдем басқа жаңалық ашып жатады. Бір топ ғалымдар Эйнштейннің миының салмағын өлшеп көрмек болыпты. Әлемдегі ең ақылды адамның миы да үлкен шығар деп ойлаған болар, сірә. Сөйтсе Алекеңнің (Альберт Эйнштейн) миы қарапайым трактористің миынан да кіші екен. Содан шыққан қорытынды: Ақылды болу мидың салмағымен өлшенбейді.
Ақылды болу үшін не істеу керек?
- Ақылды адамдармен араласу керек;
- Есті адамдардың сөздерін ескеріп жүру керек;
- Тек жұрттың ақылына салынып кетпей, өзіңнің басыңда да ақыл бар екенін ұмытпау керек;
- Миға ерекше тапсырмалар беру керек. Мысалы, алмаға 10 түрлі сипат табу (қызыл, тәтті, домалақ, мұздай, шіріген, т.б.) Сонымен қатар, алмаға сәйкес келмейтін 10 түрлі сипат табу (жарық, жылдам, шиқылдақ, т.б.)
- Ақылды ақпараттар беретін аккаунттарға жазылу керек. Вайн, бос күлкіден ақылды боп кетпейтініңізге сеніңіз.
- Аз сөйлеп, көп тыңдау.
- Айналаны бақылау. Күннің шағылысы, жұлдыздың жарығы, адамның эмоциясы, гүлдің тербелуі, құстың ұшуы, желдің соғуы, қар түйіршіктері.
- Ойлану. Бұл неге олай? Неге бұлай емес? Былай қылсақ, не болар еді?
- Ақылды кітаптар оқу. Автормен 100 пайыз келіспей, өзіңіздің дәлелдеріңізді сауатты келтіру.
- Бір істің артықшылығы мен кемшілігін салқынқанды түрде тізіп шығу.
Тізе берсеңіз, көп қой, шыға береді. Ақыл – құдайдың адамға берген ең үлкен нығметі. Ақылы жоқ есек енесіне шабады; ақылсыз шошқа нәжісіне аунайды; ақылсыз көбелек отқа қарай ұшады; ақылсыз адам бұл дүниеде мақсатсыз өмір сүреді.