Қазақша посттар
2022-08-04 15:01 Пайдалы кеңестер

Армандар орындалады

Арман деген – адамның ниеті, орындалса екен дейтін үміті, тәтті қиялы, ұмтылатын жері. Ал мақсаттың арманнан қандай айырмашылығы бар? Мақсат деген – осы айтылғандардың қалай жүзеге асатыны жазылған жоспар, маршрут. Арман кеудеде арман күйінде тұра береді. Ал жоспарлағанда мақсатқа айналады. Иә, армандаған жақсы, ал оның орындалуы үшін не жасап жүрсің?


Барлық арман орындала бермейді. Орындалған армандар сенімділікті арттырып, мақтаныш сезімін тудырады. Ал орындалмағандары тәжірибе болып жинақталады. Болашақта кім болғың келетіні осы жоспарларға байланысты. Жоспарың болмаса, онда мақсатың жоқ. Мақсатың болмаса, құр қиялмен қалықтап жүре бересің.

Мақсатты қалай жазу керек? «Грантта оқығым келеді» және «2022 жылы ҰБТ-дан 130 балл жинап, Астана халықаралық университетінде «Ақпараттық технология» мамандығында грантта оқығым келеді» деген екі сөйлемнің айырмашылығын байқаған боларсың. Бірінші сөйлемде тек қалау болса, екінші сөйлемде нақтылық, уақыты бар.