Қазақша посттар

Қағаз бен қаламның күші

1970 жылдары Америкада ірі компаниялар пайда бола бастады. Сол кезде миллиардер мен миллионерлердің айырмашылығы қандай деп анкета жүргізген. Сондағы ең маңызды болған нәрсе: миллиардерлер идеяны, істеу керек жұмысты түгел қағазға жазып жүреді екен. Баста сақтамайды.





Қағаз бен қаламның сондай ғажайып қуаты бар. Қағазға түскенде оның формасы, көлемі, бейнесі пайда болады. Ойда жүргенде әдемі боп көрінген нәрсе қағазда нашар және керісінше болуы мүмкін. Жылт етіп келе беретін ойлардың тәуірін қағазға жазып жүрсеңіз, пайдалы туындылар содан шығады. Қағазға не жазуға болады:





1) Арманыңыз

2) Мақсатыңыз

3) Ойыңыз

4) Эмоцияңыз

5) Бүгін не бітіргеніңізді көрсететін тізім

6) Ертең не істеймін дейтін тізім

7) Арманға өзгерістер қосу

8) Идея жазу

9) Жоспар: күнге, аптаға, айға, үш айға

10) Күнделік

11) Сурет. Сурет салу барысында ми өте жылдам дамиды. Жақсы ойланады.

12) Мидағы тыным таппай жүрген ойлардың бәрін қағазға түсіріп, басты босатуға болады.





Бір ұлы ғалым өткен. Миллиондаған тексті айна-қатесіз жатқа білген. Бірнеше саланың жетік маманы. Сөйтсе де қойын дәптері мен қаламын тастамайды екен. Замандастары одан: Сізден артылған білім бар ма? Не үшін қағаз бен қаламды тастамайсыз? деп сұраса, бұлар менімен көрге кіреді деген екен. Яғни, жер бесікке кіргенше білім алуды тоқтатпаймын дегені.





Сізге, оқушыға мұндай әдет әбден керек. Смартфонға да жазуға болады. Бірақ көлемі кіші блокнот пен әдемі ручкаға ештеңе жетпейді.