Қазақша посттар

Оқу арасында демалып жүрсіз бе?

Екі отыншының оқиғасын айтып берейін. Екеуі кім көп отын шабады деп жарысыпты. Біріншісі толассыз төрт сағат бойы шауыпты. Екіншісі әр жарты сағат сайын он минут тынығып, балтасын қайрап отырады екен. Соңында екеуін салыстырса, екініш отыншының отыны көп екен. Сонда бұл қалай? Мен тоқтамастан балталадым ғой. Ал сенің отырғаның көп болды деп сұрайды. Екінші отыншы: Мен әр жарты сағат сайын демімді алып, тынықтым. Әрі балтамды қайрадым дейді.





Бұл керемет мысал. Оқу, оқу деп басыңмен кіріп кетпей, демалудың орнын білу керек. Не үшін жексенбі демалыс? Себебі бір күн тыныққан адам аптаның қалған алты күнінде белсенді жұмыс істейді. Демалмаған адам болбыр, сылбыр, енжар адам секілді жұмыс істейді.





Тағы бір теңеу айтайын: жұмысты адамның бет-әлпеті десек, демалуды мең деп атайық. Бір мең адамды сұлу етіп көрсетеді. Ал енді бес минут сайын жарты сағат демалатын жалқау адамның бетінде қаптаған мең бар секілді. Ұсқынсыз!





Демалу барысында белсенді қозғалыс жасап, жаттығуға болады. Тыныш отыруға болады және тыныш отырып, ойлануға болады. Сол арада ми жаңадан келген ақпараттарды файлдарға салып, сақтап, келесі жұмысқа дайын отырады.





Демалудың қадірін біліңіз. Демалмасаңыз, бір күні ауырып, мәжбүрлі түрде демалдырады.