«ХХІ ғасырдың сауатсыздары - оқып, жаза алмайтындар емес. Олар: үйрене алмайтындар; қате үйренгенін дұрыстай алмайтындар; үйренгенін ары қарай дамытпайтындар» деген екен жазушы, футурист, кәсіпкер Эллин Тоффлер.
Қазір тіпті ағылшын тілін білем деп те ешкімді таңғалдыра алмайсың. Себебі екінің бірі сол тілде сөйлей алады. Қазір тез қарыштап дамып жатқан заманда сауатсыздардың қатарына қосылып кетпес үшін жоғарыда айтылған үш санатты ой елегінен өткізу керек.
Үйрене алмайтындар – комфорт-зонада әбден тамырланып, шыға алмай қалғандар. Олар жаңа өзгеріске бейімделмейді. Жаңа нәрсе үйренбейді. «Осы да жетеді», «осыған қанағат» деп ескі сүрлеумен жүре береді. Бала кездегі «үйренсем, білсем, танысам» деген талпыныстарын өшіріп тастағандар.
Қате үйренгенін жөндемейтіндер – көбіне көп тәкаппарлар. Өзінің қате жасап жүргенін мойындамайды. Мойындауды, жөндеуді ар көреді.
Үйренгенін ары қарай дамытпайтындар – бұл заманда бір орында қалып қояды. Себебі технология тез өзгеріп жатыр. 2005 жылы шыққан телефондардың жадысы 10 мегабайт болса, қазіргі телефондардыкі 2 терабайтқа дейін жетеді. Телефонның өзі жаңарып жатса, онда біздікі не тұрыс?