Қазақша посттар
2022-07-26 18:39 Пайдалы кеңестер

Шығармашылық емтиханды қалай тапсырады?

Емтихан қалай өтеді?

Шығармашылық емтихан екі кезеңнен тұрады:

1. ҰБТ

2. Университетке барып тапсыратын шығармашылық емтихан.

ҰБТ-да тек 2 пәнді тапсыру міндеттелген: Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы.

Ал екінші кезеңде әркім өзінің таңдаған мамандығына қарай, университетке барып тапсырады. Екінші кезең 2 емтиханнан тұрады.

Тапсырмалар оқушы таңдаған салаға байланысты беріледі. Мысалы, суретші болғысы келетіндер берілген тақырыпқа сурет салып, соған қарай бағаланады. Ал тілші болғысы келетіндер эссе немесе мақала жазуы мүмкін.


Ең көбі неше балл алуға болады?

Емтиханның бірінші бөлігінде, яғни Қазақстан тарихы мен оқу сауаттылығын тапсырып, ең көбі 35 балл алуға болады. Ал екінші кезеңінде берілген тапсырмаларды орындау сапасына қарай, ең көбі 45-45-тен, 90 балл алуға болады. Барлығы 125 балл болады.


Университет және мамандық таңдау.

Шығармашылық емтихан тапсыратын абитуриенттер 1 мамандық пен 1 университет ғана таңдай алады. Емтиханның екінші кезеңін өздері таңдаған университетке барып тапсырады.


Қандай мамандыққа түсуге болады?

Әнші, актер, биші, суретші болғысы келетінің бәрі шығармашылық емтихан таңдайды.

Бірақ шығармашылық емтихан тек бұл мамандықтарға қатысты емес. Бұл емтиханды тапсырып, басқа да сантүрлі мамандыққа түсуге болады:

-Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау

-Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

-Музыка мұғалімдерін даярлау

-Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау

-Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіп дизайны

-Дінтану және теология

-Журналистика және репортер ісі және т.б.

Толық тізім МЫНА сілтемеде.