Қазақша посттар
2022-08-03 18:01 Пайдалы кеңестер

Өзіңе осы сұрақтарды қой

Бәріміз де жақсы өмір сүргіміз келеді. Бақытты болғымыз келеді. Барлық армандарымызға жетіп, ата-анамызды қуантқымыз келеді. Бірақ ол үшін не істеу керек екенін білмейміз. Әттең, мектепте жетістікке жетудің формуласын жаттатпайды. Алайда, өмірді жақсы жаққа өзгертудің тікелей жолы бар. Ол – өзіңе дұрыс сұрақтар қою. Сондай сұрақтардың бірнешеуін бүгін қарастырамыз.


1. Мен бүгін жаңадан не білдім? Адам күн сайын білімін арттырып, жаңа заттар үйреніп отыруы керек. Адамның миы жұмыс істеуге жаратылған.

2. Мен осы жылы қандай жетістікке жеттім? Уақыт зымырып өтіп жатады, ал сен бір орында тұра бермексің бе? Жо-жоқ, олай болмайды.

3. Алдағы 3 жылға басты 3 мақсатым қандай? Мақсаты жоқ адамның бағыты да болмайды, сәйкесінше, ешқайда жылжымай, бір орында қалып қояды.

4. Мен кімге көмектесе аламын? Адамның күні адаммен демекші, басқаларға көмектесіп, жақсы іс жасап тұрғанның еш зияны жоқ.

5. Мен үшін қай сала маңызды және неліктен? Бұл өзіңе қою керек сұрақтардың ең бастысы. Әсіресе мектеп бітірушілерге. Сен өміріңді қай саламен байланыстырғың келетінін білу керексің.

6. Менің қандай мүмкіндіктерім бар? Мүмкіндіктеріңді дұрыс бағалай білсең, қай салада қандай жетістікке жете алатыныңды, қаншалықты биікке көтеріле алатыныңды да білетін боласың.

7. Мақсатыма жету үшін мен бүгін не істей аламын? Осы сұраққа барынша шынайы жауап бер де, қазірден іске кіріс.