Уайымға беріліп, депрессияға түсудің қажеті жоқ. Себебі аз баллмен де грантқа түсуге болады.
Көп оқушылар мамандықтың грантқа шекті баллы төмен болса, ол мамандықты онша емес, немесе жалақысы төмен болады деп ойлап жатады. БҰЛ ҚАТЕ ПІКІР.
Мамандықтың грантқа шекті баллының төмен болуы - ол мамандыққа көп грант бөлінуіне байланысты
МЫСАЛЫ: Стоматолог мамандығына жыл сайын 20 шақты грант бөлінеді. Сол үшін бұл мамандыққа грантқа түсу үшін 138, 139 балл жинау керек.
Ал, ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ мамандығына жыл сайын 300-ден астам грант бөлінеді. Грантқа шекті баллы - 50 балл.
Ал бір мамандықты тәмамдаған соң, сенің жалақыңның қандай болатыны сенің іскерлік қабілеттеріңе байланысты!
ҰБТ-дан аз балл алып қалған түлектерге қолдау ретінде 50-80 баллмен грантқа түсуге болатын мамандықтар тізімін жарияладық.
Видеоны көр, достарыңа тарат