Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Тарихтан дұрыс жауапты емес, қай қатардың дұрыс екенін біліп тұрамын

Барлығыңда осындай сәттер кездескен шығар. Тарих пәнінен тест сұрақтарына жауап берген кезде, жауабын бірден айта алмасаң да, бірақ қай қатардағы жауаптың дұрыс екенін біліп тұрасың. Не себептен олай?


Бұл нәрсе әдетте тест сұрағын жаттаудан пайда болады. Егер ешбір тест жаттамай, тек кітап оқып дайындалсаң, мұндай нәрсе болмайды.

Адамда көру жадысы деген бар. Мысалы, сенде Қазақ хандарының билік құрған жылдары жазылған кесте болса, соның бір жерінде жағылып қалған бояу болса, соның бәрі санаңда тұрады. Сол сияқты ең алғаш тест сұрағын жаттағанда дұрыс жауап берілген қатар есіңде сақталған.


Тест жауаптарының ішінде ерекшеленіп тұратын қатар бар. Ол дұрыс жауап болмауы мүмкін. Бірақ дұрыс жауап осы ерекше қатардың астында не үстінде тұрғанын миың демде айтып береді. Мысалы, тесттің жауабы Зайсан көлі болуы мүмкін. Бірақ саған «Жалаңашкөл» деген жауап қызық көрінген. «Осындай да көлдің аты бола ма?» деп бір сәт ойланғансың. Мұны триггер деп атайды.

- Дайындық үстінде сенің миың тест сұрағы мен дұрыс жауаптың арасында ассоциация жасап алады. Мысалы, сұрақ «Б» әрпінен басталса, дұрыс жауап та «Б» әрпінен басталуы мүмкін.


Әрине, бұл да бір мидың саған көмегі. Бірақ құр тестпен дайындалмай, тарих кітаптарын оқу керек.

Ал ең дұрысы - JOO-ның кино сияқты сабақтарымен дайындалу 😉