1. Егер сен әр күніңді жоспарлауға 10 минут бөлсең, 100 минуттан көбірек үнемдей аласың. Жоспарсыз адам маңызды және маңызсыз істердің қайсысын жасауды білмей, уақытын босқа кетіреді.
2. Тайм-менеджмент эксперті Дэвид Аллен екі минут немесе одан да аз уақыт алатын істерді бірден жасап тастау қажет дейді. Оларды кейінге қалдырсаң, уақытың мен энергияңды босқа шығын қыласың.
3. Сабақ оқып отырғанда ештеңеге алаңдамас үшін смартфоныңды басқа жерге қойып, тыныш бөлмеде отыр. Егер ештеңеге алаңдамайтын болсаң, өнімділігің 4 есе артады.
4. Бір-біріне ұқсас шаруаларды біріктіріп, бір уақытта жасауға тырыс. Бұл саған көп уақытыңды үнемдеуге көмектеседі.
5. Жұмыс үстеліңді ретке келтіріп, айналаңды таза ұста. Сонымен қатар компьютерің керек кезде қатып қалмас үшін ішін жиі-жиі тазалап отыр. Бөлмеңдегі заттарды орын-орнына қойып, айналаңды жинастыр. Сонда бірдеңе керек кезде тез табасың. Босқа уақытыңды алып, негізгі іспен айналысуға кедергі келтірмейтін болады.