Қазақша посттар
Мотивация

Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының айлығы қанша?

Мектепте «СЭС келе жатыр!» деп мұғалімдердің дүрлігіп жүретіні таныс жағдай шығар? Дәретхананы жылан жалағандай тазалайды. Мектеп асханасында дәмді тағамдар көбейіп қалады. Осыны көріп талай оқушылар «өскенде СЭС боламын» деп жүреді.

Жалпы, бұл мамандар сырқаттың алдын алумен, белгілерін анықтаумен айналысады. Сол үшін мектеп, ЖОО, перзентхана, аурухана, емханалардың тазалығына қатты мән береді.


Бұл мамандықты елімізде 8 университтете оқытады:

- Қарағанды медициналық университеті

- Семей медициналық университеті

- Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті

- Астана медициналық университеті

- Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті

- Қазақстан-Ресей медициналық университеті

- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

- Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы


Айлығым қанша болады десең, қазір нарықта 150000-160000 тг арасында вакансиялар тұр. Толық ақпарат алу үшін арнайы сайттардан қарап көр.

Мамандық туралы толық білгің келсе JOO.kz мобильді қосымшасына кіріп, мамандықтар бөліміне өт.