Қазақша посттар

Өзіңді өзгерт, әлемді өзгерт!

Жалғыздың үні шықпас дегендей, жалғыз өзіңіз қоғамды өзгертуіңіз өте қиын. Ол мыңның бірінің ғана қолынан келеді. Махатма Ганди сияқты.





Ал өзіңізді өзгерту тіптен қиын. Бірақ қолдан келетін шаруа. Бір елді билегеннен өзіңнің нәпсіңді билеу әлдеқайда қиын. Өзінің қалауларын басқара алатын адамға миллион адамды басқару түк емес.





Адамның нәпсісі тәрбиеге көнетін, көрінбейтін зат. Бәрімізде ұқсас аурулар бар. Соларды тәрбиелеп, тәртіпке көндірсек, тау қопарардай талпынысы бар ТҰЛҒАҒА айналар едік.

Ауруларды жеңсек бойымызда мынадай қасиеттер қалыптасады: Мысалы, ерте тұру, ерте жату, кітап оқу, тіл үйрену, оқу, білім алу, спортпен айналысу, өзіңді дамыту, өзіңе қатысы жоқ біреудің ісіне араласпау, сөз тасымау, біреуді жамандамау, білгеніңді өзгеге үйрету.



Шамның жарығы айналасына түседі. Сіздің жақсы жаққа өзгергеніңізді көріп, ең жақын бауырларыңыз, достарыңыз өзгереді. Домино тасының тізбекті қозғалысы осылай басталады.





Өзіңізді өзгертудің жоспары бар ма? Жоқ болса, қазір жасаңыз. Қандай кесірлі әдеттерді жою керек, қандай пайдалы әдеттерді үйрену керек?