Ақыл, дене және рух үшеуі біріккенде шабыт деген құбылыс пайда болады. Шабыттанған адам уақыттың қалай өткенін білмейді. Аяқ астынан келген энергияның қайдан пайда болғанын аңдамайды. Аз уақытта көп іс тындырып тастайды.
Бұл үшеуі бірігу үшін не істеу керек?
Ақылың бұл істің дұрыс екенін қабылдайды, оны істеудің әдемі жолдарын іздейді. Дене рухқа бағынады. Рухтың ұясы – жүрек. Рух бұл істі бітірсе, әлем және өзі қалай өзгеретінін болжап, содан күшейеді. Рух күшейген соң барлық бұлшық етке импульс секілді қуат барады. Мысалы, футболда екі команда теңесіп тұр делік. Сіз шаршап тұрсыз. Сол сәтте алдыңызға доп келді. Гол соқсаңыз, еліңіздің атағын шығарайын деп тұрсыз. Бұны ойлағаннан рух көтеріліп, аяғыңызда қуат пайда болады. Аяқ жерге тимей, жүгіре бастайсыз. Ақыл гол салудың тактикасын лезде ойластырып бастайды. Міне, шабыт пайда болады.
Әр істен шабыт таба біліңіз. Шабытыңыз шалқи берсін.