Мирас 2008 жылы мектеп бітірді. ҰБТ-ға жұртпен бірге дайындалды. Өзі таңдаған мамандыққа грантқа түсу үшін қанша балл жинау керектігін білген жоқ. ҰБТ-да 125 баллдан 108 жинады. Алтын белгіге 1 балл жетпей қалып, «Халықаралық қатынастар» мамандығына түсемін деген арманы көзден бал-бұл ұшты. Енді не істеу керек?
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға құжат тапсыруға келді. Маркетинг, менеджмент, Мемлекеттік және жергілікті басқару, т.б. мамандықтарды көріп, бірде-біреуін түсінген жоқ. Сол жердегі бір апайдың «Маркетингке түс, модный мамандық» деген уәжіне еріп, маркетингке тапсырып еді, түсіп кетті. Кейін қараса, одан да мықты мамандықтарға баллы емін-еркін жетіп тұр екен. Өкінгенмен не пайда, таңдаған оқуды оқу керек.
Сөйтсе, маркетингті бұл оқу орнынан гөрі, басқа университет жақсы оқытады екен. Оны да кейін білді. Маркетингке сұраныс қандай, айлығы қанша екенін оқу бітіргенше біле алмай жүрді.
Бұл өмірде болған оқиға. Енді Мирас пен қазіргі өзіңнің мүмкіндіктеріңді салыстырып көр.
1) Сен мамандықтардың түр-түсін айыра аласың. Айлығын, нарықтағы сұранысты біле аласың.
2) Мамандығыңа грантқа түсу үшін қанша балл қажеттігін біле аласың.
3) Ол мамандықты қай университет жақсы оқытатынын біле аласың.
4) Қазіргі жинап жүрген балың қай мамандыққа грантқа түсуге жеткілікті екенін біле аласың.
5) Грант ұтып алатын JOO.kz курсына қатыса аласың. Айтпақшы, МЫНА сілтеме арқылы жазыл.
Осы 5 мүмкіндіктің бәрі бір ғана JOO.kz қосымшасында бар.
Мирастан гөрі неткен бақытты екеніңді түсіндің бе? Ендеше мүмкіндікті жіберіп алма!
P.S. Мирас қазір маркетолог боп істейді. Өз ісінің маманы.