постты оқу уақыты ≈ 1 минут
Дарынды адамдардың барлығы бірдей жетістікке жете бермейді. Дарынды болу 100% жетістікке жетуді білдірмейді. Сенің кумирлерің, сен білетін атақты адамдар тек таланттарының арқасында жетістікке жетті деп ойлайсың ба? Бүгінгі пост осы туралы болады.
1993 жылы Флорида университетінің профессоры Андерс Эриксон басқа профессорлармен бірігіп, дарындылық феномені жайлы зерттеулер жүргізіп, мынадай нәтижелерге тоқтады:
Адамның бойындағы қабілеттер оның жетістікке жетуіне кепілдік бере алмайды. Егер адам өзі тырысып, күш салып, еңбектеніп, дарынын дамытпаса, онда оның жетістікке жетуі екіталай.
Кез келген салада білікті маман болып қалыптасу үшін кем дегенде 10 жылдай уақыт керек. Ешкім директор немесе шахматтан әлем чемпионы болып туылмайды. Бұның барлығы уақыт пен ұзақ уақыт еңбек етуді талап етеді.
Алайда ешқандай мақсатсыз еңбек етуден де пайда жоқ. Ең алдымен адам алдына жоспар құрып, мақсатын айқындап алуы тиіс.
Қорытынды: Жетістікке жетіп, танымалдылыққа ие болу үшін қандай да бір талант иесі болып туылу міндет емес, бастысы - табандылық танытып, еріншектікке салынбау.