Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Аз дайындықпен ҰБТ-дан қалай жоғары балл жинауға болады?

ҰБТ-ға әркім әртүрлі келеді. Біреулер бір жыл бұрын бастайды. Біреулер ең қысқа уақытта патырлатып дайындала бастайды. Ал егер дайындығың аз болса, онда ҰБТ-дан қалай жоғары балл жинауға болады?


🔸Біріншіден, ҰБТ-да өзің мектепте өткен материалдардан сұрақ келеді. Сен оқымаған энциклопедиядан келмейді. Онсыз да 11 жыл бойы оқып, сыныптан сыныпқа тест арқылы өтіп отырдың. ҰБТ-да сол оқығандарың ғана келеді. Мектепті жақсы оқысаң, онда тест те қиындық тудырмайды.


🔸Екіншіден, тесттің бір жақсы жері – мұнда дұрыс жауабы берілген. Тек дұрыс еместердің арасынан жаңылмай тауып беру керек. Жауаптың дұрыс шыққан жолын дәлелдеп көрсет демейді.


🔸Көптеген жауаптарды қолданып, дұрыс жауабын табуға болады. Мысалы, геометриядан берілген жауапты теңдеуге салып, теңдіктің дұрысын шығарасың.

Бірақ, айта кету керек, нәтижесі сен күткендей болмауы мүмкін. Мықты жинауың да, аз жинауың да мүмкін. Кейде бақ шабады, кейде бап шабады.