Бастаған істі аяқтамауға себеп көп. Мысалы, уақыттың жоқтығы, мотивацияның болмауы. Бірақ кез келген адам қолына алған істі аяғына дейін жеткізе алады. Ол үшін төмендегі кеңестерге құлақ асып, орындау жеткілікті.
- Істі орындауға кедергі келтіретін заттарды қасыңнан алып тастап, назарыңды тек сол іске аударуға тырыс.
- Помодоро, Парето секілді тайм-менеджмент әдістерін қолдана отырып, уақытыңды барынша тиімді пайдалануға ұмтыл.
- Бір үлкен істі бірден жасағаннан гөрі оны кішкене бөліктерге бөліп жасаған әлдеқайда оңай әрі тез.
- Өз-өзіңді тәртіпке бағындыра біл. Бұл дегеніміз - істейтін ісің бола тұра, жалқаулыққа берілмей, мойныңа жауапкершілік артып үйрену.
- Ешқашан ештеңені асығып, шала істеме. Артық қыламын деп тыртық қылуың әбден мүмкін, сондықтан әрбір қадамыңды ойланып барып, жаса.