ҰБТ-ға дайындықты міндетті пәндерден бастау керек пе, әлде бейіндік пәндерден бе? Жалпы алғанда сен бес пәнге дайындалуың керек. Ең жақсы әдіс мынадай:
1. Бес пәннен сынақ емтихан тапсыр. Бірнеше рет тапсырған соң қай пәндерден және сол пәндердің қай тақырыптарынан нашар екеніңді анықта. Қай сұрақтардан жиі қате жібердің, солар сенің әлсіз тұстарың. Қай тақырыптардан мықты екеніңді де біліп ал. Бәрінің тізімі жазылып тұрса, керемет.
2. Енді дайындалу керек пәндерің және тақырыптардың тізімі бар. Осылардың ішінен ең оңай пәннен баста. Мысалы, оқу сауаттылығы немесе Қазақстан тарихы. Әрі қарай қиын пәндерге кірісесің. Не үшін оңайынан бастау керек? Себебі оңай сабақтар сенің сенімділігіңді арттырады. Бетің қайтып қалмайды.
Ең дамыған әдіс – JOO.KZ курсының деңгей анықтау тесті. Ол сенің басыңнан бақайшағыңа дейін тексеріп, зерттеп, қай саладан әлсіз екеніңді дәлме-дәл анықтап береді. Сосын соған сай тест дайындайды. Әлсіз жақтарыңды күшейтетін сабақтар береді. Күн сайын үзбей оқысаң, ҰБТ-ға дейін қанша жұлдыз, демек қанша балл жинайтыныңа дейін жобалап береді.
Бұдан бөлек, курста:
- Күнделікті тапсырмалар
- Кураторлар
- Ортақ чаттар
- 50 ішкі грант конкурсы
- Күнделікті тікелей эфирлер
- ҰБТ-дан кейін тегін консультация және т.б. бар.
Курс туралы толық ақпарат алу үшін МЫНА сілтемеге бас.