Қазақша посттар
2022-07-28 10:14 Пайдалы кеңестер

Колледж түлектері ҰБТ-ны қалай тапсырады?

Қазір колледждің соңғы курсында оқып жатқан студенттердің басым бөлігі университетке тапсырып, білім алуын жалғастырғысы келеді.

Университетке түсу үшін ҰБТ тапсыру керек. Ал колледж түлектері ҰБТ-ны қалай тапсырады?


1. Өз мамандығын жалғастырғысы келетін талапкерлер Қысқартылған ҰБТ тапсырады:

Сұрақ саны - 60. Оның ішінде 20 сұрақ Жалпы кәсіптік пәннен және 40 сұрақ Арнайы пәннен беріледі. Қандай пән екені мамандыққа байланысты.

Ең жоғары балл - 70.


2. Мамандығын ауыстырғысы келетін талапкерлер кәдімгі ҰБТ тапсырады:

Сұрақ саны: 120. Оның ішінде 70 сұрақ бейіндік пәндерден (әрқайсысы 35 сұрақтан), Қазақстан тарихынан 15 сұрақ, Оқу сауаттылығынан 20 сұрақ және Математикалық сауаттылықтан 15 сұрақ.


Ең жоғары балл - 140.

Колледж түлектері Маусым және Тамыз ҰБТ-сын тапсыра алады. Маусым ҰБТ-сының нәтижесімен Мемлекеттік грант конкурсына қатыса алады, ал Тамыз ҰБТ-сының нәтижесімен ақылы бөлімге тапсыра алады.

Маусымға дейін ҰБТ-ға қарқынды түрде дайындалып, грантқа түскің келсе, біздің курсқа жазылуды ұсынамыз. Толық ақпарат МЫНА сілтемеде.