6:00 мен 7:00 арасы - есте сақтау жүйесінің ең жақсы жұмыс істейтін кезі. Осы уақыт аралығында алынған кез келген ақпарат есте ұзақ сақталатын болады.
8:00-ден 9:00-ге дейінгі уақыт - логикалық ойлау жүйесінің ең белсенді болатын уақыты.
9:00 мен 10:00 аралығы - статистика және ақпаратпен жұмыс істеуге ең қолайлы уақыт.
11:00 ден 12:00-ге дейінгі уақытта интеллектуалдық деңгей төмендеп, адамның оқу концентрациясы азаяды. Бұл уақытта музыка тыңдау секілді нәрселерге алаңдап, кішігірім үзіліс жасаған жөн.
11:00 мен 14:00 - түскі ас ішуге ең ыңғайлы уақыт. Дәл осы уақыттарда ас қорыту жүйесі жақсы жұмыс істейтін көрінеді.
12:00-ден 18:00-ге дейінгі уақыт адамның нағыз белсенді жұмыс жасайтын кезі. Ал 18:00-ден кейінгі уақыттарда мидың шаршауы байқалып, жұмыс істеу өнімділігі біртіндеп төмендей бастайды.
21:00 мен 23:00 аралығында ми мен жүйке жүйесінде тыныштық орнап, толық демалу процесі іске қосылады.
23:00-ден 1:00-ге дейінгі уақытта организмде энергияның қалпына келу процесі басталады.
1:00 мен 3:00 аралығында адамның эмоционалдық энергиясы қалпына келіп, сонымен қатар ұйқы процесі де жүріп жатады.
3:00-ден 6:00-ге дейін ұйқы, ұйқы және тағы да ұйқы. Келесі күні сергек және көңіл-күйіңнің көтеріліп жүргенін қаласаң, ұйқыңның сапасына көбірек мән бергенің жөн.