Әрдайым жоғары сұраныстағы және біліктілікті талап ететін бірден бір мамандық – сәулетші.
Сен осы мамандыққа қызығушылық танытсаң, төмендегі кеңестер сен үшін:
Self-study
Бұл мамандықтың қыр сырын университеттен емес жеке жұмыстан көбірек үйрене аласың. Университет саған теориялық білімді барынша ұсынады, ал сол білімді практикада көбірек пайдаланбасаң, жақсы маман атану қиын.
Саяхатта
Кез келген жаңа дүниені көру немесе үйрену мидағы жаңа нейрондарды оятуға көмектеседі. Бұл жаңа креативті идеялардың дүниеге келуіне өз көмегін тигізеді.
Сабырлы болу
«Менің жұмысым әлсіз», «неге басқаларда жоғары жалақы?» осы сияқты болмашы ойлар сенің сағыңды сындырмасын. Себебі, сәулетші болу - үлкен сабыр мен ерік жігерді талап етеді. Сен сол қабілеттеріңді шыңдай алсаң, жоғары жалақы сені күтіп тұр.
Бұл мамандыққа қалай түсу керек, жалақысы қанша?
Бәрін, бәрін МЫНА сілтемеден біле аласың
Келесіде қай мамандық туралы болсын?
Төменге жаз 👇🏻