1. Мен болған жағдайды немесе болуы мүмкін жағдай туралы аса көп ойлап, уайымдамаймын. Оның орнына мен тек бүгінімді ғана ойлайтын боламын.
2.Мен үшін мінсіз болып көрінуге тырысқаннан, қателік жасап, тәжірибе жинаған әлдеқайда артық.
3. Өз ойларыма көбірек көңіл бөліп, жақсы ойлайтын боламын.
4. Сәтсіздікке тап болып, сүрінгеннен кейін неғұрлым тез тұрып кететін болсам, жетістікке де соғұрлым тез жетемін.
5. Қорқыныштарымнан жасырынып, тығылмаймын. Өйткені олар менің мақсатқа жету жолымда жай ғана кедергі келтіруші ғана.
6. Болашақ қазіргі жағдайдан басқаша болуы мүмкін, себебі мен оны дәл қазір өзгерте аламын.
7. Мен өзім жақсы көретін асты жей аламын, өзім қалағандай қозғала аламын, өзіме ұнайтын нәрсе туралы айта аламын және өзім қалағандай өмір сүре аламын.
8. Мен өз жолымдағы барлық кішкентай жетістіктерді атап өту керекпін. Неге десең, соңында дәл сол жетістіктерім менің өмірімді қызықты әрі мәнді етеді.