Қазақша посттар
Жағымсыз әдеттерден қалай құтылуға болады?
Пайдалы кеңестер

Жағымсыз әдеттерден қалай құтылуға болады?

Қырсықтық, ұялшақтық және құр мақтаныш адамның өз-өзіне сенімді болып өмір сүруіне кедергі келтіретін жағымсыз әдеттер екенін білесің бе? Осы себептен де, біз бүгінгі постымызда сол әдеттерден құтылудың ең эффективті жолдарын қарастыратын боламыз.


1. Әрбір адамның ішінде ештеңені ұнатпайтын бір критик отырады. Әлгі критик сенің істеген әрбір ісіңді сынға алып, алға қарай жылжуыңа мүмкіндік бермейді. Сенің мақсатың: жаңағы критикті өзіңнің мінсіз емес екеніңе мойындату. Ол үшін қолыңа қағаз алып, бойыңда бар барлық кемшіліктерді жазып, тізімін жасауың қажет. Содан соң осы туралы ішкі критигіңнің айтқан ауыр сөздеріне құлақ түруге тырыс. Ол саған: " Сен ешқашан жетістікке жете алмайсың, сенің қолыңнан бұл іс келмейді" деп айтуы мүмкін. Әрине, бұл сөздердің барлығы құлаққа жағымсыз естілгенімен, әлгі критик барлығын айтып, болмайынша шыдауға тырыс. Ал негативті сөздердің барлығын айтып болғаннан кейін манағы тізімді жыртып таста. Осыдан кейін сен өзіңді құдды бір ауыр жүктен арылғандай сезініп, біраз жеңілдеп қалатын боласың.


2. Жағымсыз әдеттерден құтылу үшін кем дегенде 3 апта мерзім қажет. Сол үшін алғашқы күндері қиындау болатынына өзіңді алдын-ала дайындауға тырыс. Мақсатыңды орындап, жоспарыңнан тайқып кетпес үшін жақындарыңнан немесе отбасыңнан көмек сұрауыңа

немесе өз-өзіңе мотивация беріп, қолдау көрсетуіңе болады.


3. Егер бірінші мүмкіндіктен сүрінсең, бұл уайымдап, стресске түсуге себеп емес. Бір байқағаннан бірден жетістікке жетіп, арманын орындай алған адамдар жоқтың қасы. Сондықтан да, қателік жасап, сәтсіздікке ұшырауға өзіңді алдын-ала дайында және ең бастысы өзіңе сенуді ешқашан тоқтатпа.