Қазақстанда ЖОО өте көп. Қайсысына сенеріңді білмейсің. Кейбірінің аты дардай, бірақ беретін білімінің деңгейі нашар. Аты танымал емес, бірақ мықты білім беретін ошақтар бар. Оны қалай анықтаудың құпиясын білгің келе ме?
JOO.KZ мобильді қосымшасына кір. «Мамандық» бөлімінен таңдау пәніңе қарай мамандықты таңда, мысалы, математика мұғалімдерін даярлау. Сұраныс жоғары екенін көрдің. Грант саны: 460. Шектік бал: 120.
Астында «Университеттер» деген бөлімге өт. 29 ЖОО тізімі берілген. Бұл тізім рейтинг бойынша тұр. Яғни, бірінші тұрғандар ең мықтылар, ары қарай біліктілік деңгейіне қарай төмендей береді. Бізде бірінші тұрған: Алматы қаласындағы «Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті».
Дәл осылай кез келген мамандықты оқытатын университеттердің рейтингін көре аласың. Таңдаған соң ең мықтысына түсу керек емес пе, достар?