Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Линдси Вонн: жетістікке жетуге 3 кеңес

Линдси Вонн - Америкалық шаңғышы әрі олимпиада чемпионы ретінде әлемге танымал. Қаншама рет сәтсіздікке ұшырап, жарақат алса да, өз мақсатынан бір сәтке де тайқыған жоқ. Бүгін сендермен Линдсидің жетістікке жету құпияларымен бөлісеміз.


1. Әрбір адамның өмірінде қиындықтар болады. Кейбір адамдар сол қиындықтардың әсерінен өз армандарынан бас тартып жатады. Линдсидің ойынша, адам бұндай жағдайда алдына қойған мақсатына жетуді ғана ойлауы қажет.


2. Әр адам өзін алға жетелеп, қиын сәтте қолдау бере алатын нәрсені табуы керек. Мысалы, Линдсиге мотивация беріп, оны алға жетелейтін нәрсе - музыка. Сол секілді сен де өзіңе құлшыныс беретін нәрсені тапқаның жөн.


3. Линдси Вонн әр күнін босқа жібермей, өзін-өзі жаттықтырып, психологиялық және физикалық жағдайын бір қалыпта ұстауға тырысады. Оның айтуынша, талант - жетістіктің 50%-ын да құрамайды. Жетістікке жету үшін құр талантты болу аздық етеді, оған қоса адамда мотивация, үздіксіз дайындық және темірдей тәртіп болуы қажет. Осы үшеуі түгел болған жағдайда адамда жетістікке қол жеткізіп, жеңіс тұғырына көтерілуге мүмкіндік пайда болады.