Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Ақпараттық технологиялар: программист мамандығы

IT маманы, яғни программист - арнайы программалау тілдерін қолдана отырып, компьютерлік бағдарламаларды құратын маман.  

Бейіндік пәндері: физика және математика.  


ЖОО: Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Астана IT университеті және Сулейман Демирель атындағы университет. 


IT әлемінде барлығы тез ауысады: үнемі жаңа программалау тілдері мен жаңа технологиялар пайда болып отырады. Сондықтан IT саласынан қалыспай, бірге дамып, актуалды ақпараттарға ғана жүгініп, соларды оқыған жөн. 

Программалауды өз бетіңше үйренгің келсе, "Киберфорум", "Wunder", ал егер ағылшынша білсең, "Stackoverflow" секілді форумдар мен курстарға жазылсаң болады. 


Программист болу үшін қандай қабілеттер қажет? 

🗣️ Ағылшын тілі 

Программалау туралы кітаптар мен құжаттардың басым бөлігі ағылшын тілінде жарияланған. Сол себепті де, әрбір программист ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгергені абзал. 

💡Аналитикалық ойлау 

Программист алгоритмдерді құрумен айналысатындықтан, аналитикалық түрде ойлана білуі керек. 

Егер болашақта программист болғың келсе, қазірден бастап әртүрлі курстарға жазылып, Geek Brains, JavaRush секілді форумдардың вебинарларына қатыс. Сонымен қатар бос уақытыңды дұрыс пайдаланып, программалау туралы көбірек ақпарат алуға тырыс.