Қазақша посттар
Мотивация

Жаныңа жылулық сыйлайтын TOP-5 фильм

1. Форрест Гамп

Бұл фильм 27 жыл өтсе де, әлі күнге танымалдығын жоғалтқан жоқ. Көрген сайын өзін жаңа қырынан танытып, көрерменнің назарын өзіне аударумен келеді. Режиссер Роберт Земекистің басқаруымен түсірілген аталмыш фильмді көруге кеңес береміз.


2. Тэмпл Грандин

Аутизм ауруына шалдықса да, ғылымда біршама жетістіктерге жетіп үлгерген Тэмпл Грандин жайлы бұл фильм көрерменнің көңілінен шығары анық. Ол әлемнің аутизмге шалдыққан адамдарға деген көзқарасын өзгертті. Егер адам ешқашан берілмесе, онда оның қолынан барлығы келетінін дәлелдеді. Сол себепті құлшынысыңды оятуды армандап, жаныңа жылулық іздесең, осы фильмді қарап көруіңе болады.


3. А в душе я танцую

Бұл фильмнің кейіпкерлері мүгедек адамдар. Алайда бұл ерекшеліктері оларға өмірден ләззат алып, позитивпен өмір сүруге кедергі келтірмейді. Оптимизмге толы бұл фильм жылулық пен қуаныш сыйлап қана қоймай, көңіл-күйді де көтеретіндіктен, міндетті түрде қарауға тырыс.


4. Целитель Адамс

Басты кейіпкер Робин Уильямс депрессиямен шалдыққан адамдар жатқан ауруханаға тап болып, оларды бұл дерттен алып шығуға қолынан келгеннің барлығын жасайды. Ақырында барлық аурудың емі - күлкі екеніне көзі жетеді.


5. Джули и Джулия: Готовим счастье по рецепту

Бұл фильм Джули атты қыздың өмірі жайлы, яғни шынайы жағдайларға негізделіп түсірілген кино. Фильмнің сюжеті Джулидің 365 күн ішінде 524 тағам түрін дайындауға шешім қабылдауы жайында. Сондықтан егерде кулинария әлеміне деген қызығушылығыңды оятқың келсе, саған осы фильмді қарауға кеңес береміз.