1. Америкалық психиатр Норман Розенталь медитацияның адамның психикалық жағдайына жайлы әсер ететінін зерттепті. Күніне он минут медитация жасау миды жаттықтырып, концентрацияны жақсартып және де ерік күшін нығайтады. Сананы керексіз ойлардан тазартып, стрессті жеңуге көмектеседі.
2. Ерік күшін дамыту дегеніміз - өзіңді тәртіпке үйретіп, жоспарлаған істеріңді міндетті түрде орындау. Алайда кейде ойға алған ісімізді құлшынып атқарғымыз келсек те, оны жасайтын орынды табу проблемаға айналып жатады. Мысалы, кітап оқиын десең, жайлы орын жоқ, не істеу керек? Шешім: кітапханаға баруыңа болады. Неге кітапхана? Себебі ол сабақ оқып, тыныштыққа бөленуге болатын ең керемет жер. Ол жерде сені өзіңнен басқа ешкім де, ештеңе де алаңдата алмайды.
3. Қызықты факт: миымыздың бір бөлігі қазіргі шақты өңдесе, екінші бөлігі болашағымызды өңдеумен айналысады. Яғни, осы шақ пен болашақтың арасында байланыс жоқ. Содан шығар, біз болашақ үшін өзімізді дамыту қиын. Психологтар барлық арманың орындалғандай елестетіп, өз-өзіңе алғыс айтып, болашақтан хат жазуға кеңес береді.
Ал сен өз ерік күшіңді басқаша тағы қалай жаттықтырасың?