КІТАПТЫ КӨП ОҚЫҢЫЗ. Аптасына бір кітап оқысаңыз, екі жылда жүз кітап бітіріп тастайсыз. Кітап дамудың айнымас жолы.
БӘСЕКЕЛЕСІҢІЗ. Өмірден тек жақсы нәрселер алғыңыз келсе, бәсекелесіңіз. Ол үшін өзгелерден артықшылықты көрсететін жаңа нәрселер үйреніңіз. Адам дінімен, тілімен, жынысымен бәсекелессе, ол ақымақтық. Білім, көркем мінез, еңбекпен ғана бағаланады.
МАҢЫЗДЫ ҚАБІЛЕТТІ ҮЙРЕНІҢІЗ. Күн сайын соған уақыт бөлу керек. Сол арқылы нашар қасиеттердің көзін жоясыз.
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНІҢІЗ. Табыс, жұмыс, даму дегеннің бәрі ағылшын тілінсіз ақсап тұрады. Әлемге есік ашқыңыз келсе, қазірден бастап үйреніңіз.
ҮЗДІКСІЗ ДАМЫҢЫЗ. Білімді көрге кіргенше алу керек. Мектеп бітірсеңіз, университет бітірсеңіз де білім алуды тоқтатпаңыз. Өз бетіңізше білім алудың жолдары көп.
ТАНЫМ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТІҢІЗ. Жаңа нәрселерді жасап көруге ұмтылыңыз. Ылғи қайталанатын өмірді басқаша сүріңіз. Жасауға қорқатын фобияны өзіңіз бірінші жасап, нәтижесін көріңіз.
ТЕЛЕДИДАР ҚАРАМАҢЫЗ. Себебін айтпаса да білесіз.
КЛАВИШКЕ ҚАРАМАЙ ЖАЗУДЫ ҮЙРЕНІҢІЗ. Оған бар-жоғы 1-2 күн кетеді. Одан кейін өмір бойы серік болады. Қараңғыда да саусағыңыз өзі жаза береді. Сонымен қатар, клавиштер топтамасын да үйреніп алыңыз. Жұмысты жеңілдетеді.