Қазақша посттар
Мотивация

Қалауыңдағы өмірді қашан сүресің?

Таңертең ұйқыдан тұрғың келмейтін кез бола ма? Оятқышты өшіріп, тағы да ұйықтағың келеді. Соншалықты қатты ұйқың кеп тұрған жоқ. Бірақ төсектен тұрғың келмейді. Таныс сезім бе? 😴


Бұл сезім нені білдіреді, білесің бе? Сен қазіргі өміріңді сүргің кеп тұрған жоқ. Оқу, сабақ, отбасы, жұмыс, адамдармен қарым-қатынас, көрші... – осылардың бәрі немесе кейбірі сені ызаландырады. Сол үшін сол өмірге қайтадан кіргің келмей, төсекте қала тұрғың келеді. Өміріңмен қарсыласу.


Өмірде біз өзгерте алатын және біз өзгерте алмайтын нәрселер бар. Ұлтыңды, ата-анаңды, бет-әлпетіңді өзгерте алмайсың. Ал қалғанын өзгерте аласың. Қазіргі өмірің ұнамаса, онда қалауыңдағы өмірді өзің жасап көр. ✊🏻


Қалауыңдағы өмір сені таңертең ұйқыңнан атып тұрғызады. Себебі сен сол өмірге ынтықсың, сүргің келеді. Содан бір минут болса да төсекте қалмайсың.

Қалауыңдағы өмір белгілі бір уақыттан кейін пайда болмайды. Ол сенің сана-сезіміңде, жүрегіңде қалыптасады. Дәл қазір-ақ оны қалыптастыра аласың.

Ол – арман. ҰБТ-дан есептерді бірінің артынан бірін шығарып, жоғары балл жинағаныңды елестетіп көрдің бе? JOO.kz мобильді қосымшасынан грант иегерлері тізімінен өзіңнің есіміңді көрген сәтіңді ойладың ба? Шыттай боп киініп, университетке кіріп бара жатқаныңды көз алдыңа келтіріп көрдің бе? Әдемі киініп алып, қолыңа фотоаппарат ұстап, тарихи жерлерді саяхаттап жүргеніңді көре аласың ба? 😍 Бұл тәтті ойлар сенің ішкі әлеміңе еніп, өз орнын тапса, бұдан кейін тыныштық бермейді. Осы арманға жету үшін не істеу керектігін сұрап, соны жасауға ұмтылып тұрады. ҰБТ-ға дайындалудың өзі тәтті, қызықты боп шығады.

Грантқа түсу бұрынғыдан жеңілдеді. Ол үшін грант ұтуға кепілдік беретін JOO.kz курсына жазыл. Толық ақпарат МЫНА сілтемеде.