Қазақша посттар
2022-07-28 09:15 Пайдалы кеңестер

Биология пәніне қалай дайындалу керек?

Биология – оңай пән емес. Оны азаппен үйренгенше, қарапайым тәсілдерді біліп ал. Бір жақсы жері, биология бірден мыңға қарай күрделенетін ғылым. Сондықтан алғашқы сабақты жақсылап ұғын. Бір жасушалы ағзаны түсіне алсаң, көп жасушалы ағзалар есікті өздері ашып береді

  1. ҰБТ-ның көп кітапшасынан биологияны қарап шық. Білмейтін сұрақтарды бояп шық. Соңында жалпы қай бөлімнен ақсап тұрғаның белгілі болады.
  2. Жаңа материалды оқыған кезде негізгі құрылымын түсіну қажет. Мысалы, бактерия – бір клеткалы жасуша. Сосын оны тереңірек, яғни ішек-қарнын ақтарып, неден тұратынын, не жейтінін үйрен. Оны өз сөзіңмен айтып шық.
  3. Қиын және жаңа терминдерді бір параққа арнайы жазып жүр. Терминді оңай сөзбен түсіндіріп бер. Мысалы, фотосинтез, симбиоз дегенді балаға ұғындырып көр.
  4. ҰБТ-ға дайындалу барысында биологиядан шпор жаз. Оны өз қолыңмен жазу керек. Сол арқылы есте сақтау қабілетің артады.
  5. Араға уақыт салып, материалды қайталап отыр. Биология деген тарих емес, бұл жерде термин, ағза, процесстер көп. Жиі қайталамаса, ұмытылады.
  6. Терминдер латын сөзінен туындайды. Мағынасын білсең, содан тарайтын барлық терминдерді білесің. Мысалы, «глюкоза» сөзінде «оза» - қант. Демек, сахароза, мальтоза, лактозада қант бар.
  7. Жаңа тақырыптың соңындағы сұрақтарға жауап бер.
  8. Интернетте биологияға арналған сайттар, видеолар бар. Тақырыпқа сай қарап отыруды ұмытпа.