Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Кез келген мәтінді тез әрі оңай жаттап алудың 4 эффективті жолы

Көшіру

Алдымен мәтінді абзацтарға бөліп таста. Содан соң әрбір абзацты бірнеше рет көшіріп жазып, негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді маркермен сызып, белгіле. Осылай әрбір абзацты жаттап алмайынша, көшіруді тоқтатпа. Ал ең соңында мәтінді бір оқып, түсінгеніңді өз-өзіңе айтып бер.


Жоспар құру

Мәтінді бірнеше рет оқып шық. Егер ішінде түсініксіз немесе күрделі сөздер кездессе, оларды бөлек жазып ал да, мағынасын біліп, жаттап алуға тырыс.

a) Мәтінді абзацтарға бөліп, әр абзацқа тақырып қой.

b) Мәтінге жоспар құрып, сол бойынша оқып шық.

c) Жоспарға сүйене отырып, мәтін бойынша түсінік айт. Бұл әдіс саған мәтіннің мағынасын түсіне отырып, жаттауға көмектеседі. Сондықтан міндетті түрде қолданып көруге кеңес береміз.


Пиктограмма тәсілі

Мәтінді абзацтарға бөліп, әрбір сөйлемді сурет түрінде бейнеле. Содан кейін мәтінді сурет бойынша мазмұндап шық.

Мәтінді эмодзилерді қолдану арқылы жаттап алуыңа да болады. Ол үшін мәтіндегі ақпаратты эмодзи түрінде жазып, телефоныңа сақтап қой. Содан соң эмодзи бойынша мәтінді есіңе түсіріп, мазмұнын айтып, жаттық.