Қазақша посттар

SOFT SKILLS дегеніміз не?

Soft skills (жұмсақ қабілеттер) - адамдармен жақсы қарым қатынаста болып, олармен дұрыс жұмыс жасау үшін қажетті қабілеттер.





Көбісі, белгілі бір салада жетістікке жету үшін сол саланың маманы, шебері болу керек деп ойлайды.





Дегенмен, сіздің жұмысыңызда жақсы жетістіктерге жету үшін осындай қабілеттер керек болады. Қазіргі жұмыс берушілер талап ететін soft skills қабілеттерін назарларыңызға ұсынамыз:





Коммуникативтік қабіеттер

Бұл жақта жазбаша, вербалды және вербалды емес қарым қатынас түрі жатады. Даудың кезінде қалай сөйлесу керек, өзгелерді тыңдай білу, сөйлесе алу, дұрыс амандасу және т.б.





Топта жұмыс жасай алу қабілеті


Ортақ мақсатқа жету үшін барлығымен бірдей жақсы қарым қатынаста болу керек. Сонымен қатар жұмыста кез келген мәселені жөнді шеше алу мен топта барлық мүшелермен жақсы қарым қатынас кіреді.





Уақытты басқара алу

Тайм-менеджмент жұмыс барысында өте қажетті қабілет, бұл сіздің жұмысты уақытылы орындап, жасалатын шаруалардың тым артып кетпеуіне септігін тигізеді. Пунктуалды болыңыз.





Бейімделе білу

Жағдайды саралай білу, төзімділік, өз ойын өзгерте білу, шыдамдылық, өз ашуын баса білу, мәселелерді шешуге бағытталу. Екі іс арасында араласа білу.





Жеке қасиеттер

Бұл жерде әркімдікі өзіне қатысты. Бұларға өз жұмысын тиімді атқара білу, креативті ойлау қабілеті, эмоционалды интеллект, өзгелермен жұмыс барысында дұрыс қарым қатынас орнату, этика, айқындық, шыдамдылық, көздегеніне жете алу, сенімділік, басқаларға құрмет көрсету және т.б.





Soft skills сіздің жұмысыңыздың одан әрі өрбуіне, сіздің дамуыңызға, сыныптас болсын, группалас болсын, бірге жұмыс жасайтын әріптесіңіз болсын, солардың барлығымен жақсы араласу үшін қажет.