Бейіндік пәндер: ағылшын тілі және дүние жүзі тарихы.
ЖОО: М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Сулейман Демирель атындағы университет және Ж.С.Нарикбаев атындағы КазГЮУ Университеті, т.б.
Аударма ауызша және жазбаша болып, екіге бөлінеді.
Ауызша аударма синхронды аудармашының көмегімен жүзеге асырылады. Синхронды аударма - психологиялық және физикалық тұрғыдан аударманың ең қиын түрі болып саналады. Себебі аудармашы сөйлеушінің сөзін бірнеше сөздің немесе 2-4 секундтың кідірісімен аударады. Бұл аударма түрі, әдетте, тығыз кестесі бар үлкен іс-шараларда қолданылады. Әсіресе, синхронды аударма қызметтері халықаралық келіссөздер, ірі конференциялар мен саммиттер және мемлекет басшыларының екіжақты кездесулері үшін қажет.
Жазбаша аударма - қағаз түрінде берілген ақпаратты екінші тілге сауатты және түсінікті етіп аударуды білдіреді. Жазбаша аударма техникалық, медициналық, әскери және көркем аударма деп бөлінеді.
Аудармашы болу үшін қандай нәрселерге дайын болу керек?
🔷 Ұзақ уақыт бойы еңбектенуге дайын бол
Ауызша және жазбаша аударманың қай-қайсысы да оңай емес. Синхронды аудармашылар бірнеше сағат бойы үзіліссіз жұмыс жасауы мүмкін. Сол сияқты жазбаша аудармашылар да үлкен көлемдегі мәтіндерді аударып, кейіннен оны тағы да өңдеп, қателерін дұрыстауға көп уақытын жұмсайды.
🔷 Жауапкершілік
Сапалы аударма жасау үшін оған жеткілікті уақыт бөліп, құлшыныспен кірісу керек. Әйтпеген жағдайда, аударма сапасыз болып шығуы мүмкін. Сондықтан аударма жасағанда немқұрайды қарамай, жауапкершілікті сезіне отырып, жұмыс істеуге тырыс.
Аударма ісі - қиындығы да, қызығы да мол мамандық. Тек өз-өзін дамытудан жалықпайтын және еңбекқор адамдар ғана бұл мамандықта үлкен жетістіктерге жете алады.
Аударма ісі мамандығы туралы нақты ақпаратты МЫНА сілтемеден көре аласың!