Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Миға фитнес жасап, дамыт

Миды дамытуға арналған 3 жаттығу


1. TED каналындағы кез келген бір дәрісті қосып, ештеңеге алаңдамай, айтылып жатқан мәселеге толықтай назар аударып, тыңда. Дәріс біткеннен кейін барлық қамтылған мәселелер мен тақырыптарды 30 секунд ішінде қағазға тізіп шық.

Пайдасы: Есте сақтау қабілетің дамиды және кез келген мәселені түсініп, анық-қанығын ажыратуды үйренетін боласың.


2. Таныстарыңның, шығармалардағы кейіпкерлердің немесе кинодағы кейіпкерлердің тізімін жаса. Ал енді олардың әрқайсысын туған күндерімен құттықта. Әрбіреуін құттықтағанда әртүрлі сөздерді, метафораларды қолдануға тырыс. Бастысы, құттықтаулар бір-біріне ұқсамайтындай, ерекше болуы керек.

Пайдасы: Шаблонды ойлау мен күнделікті рутина мидың дамуын тежейді. Ал жоғарыда берілген жаттығулар миға басқаша ойлауға мүмкіндік беріп, креативті ойлауды және шығармашылық қабілеттерді дамытады.


3. Уикипедия (Википедия) - бүкіл дүние жүзіне танымал әмбебап энциклопедия. Қандай да бір ақпарат қажет болса, біз оны осы Википедиядан табамыз. Википедияның қорында миллиондаған мақалалар мен қызықты әрі пайдалы ақпараттар бар. Оларды өзің үшін оқып, танысып шығатын болсаң, білімің молайып, көзқарасың кеңейе түседі.

Пайдасы: Адам денесіне азық керек секілді, миға да қорек қажет. Ми немен қоректенеді? Ми жаңа ақпаратпен, креативті идеялармен қоректенеді. Ал ол қоректі табу үшін адам үнемі ізденіп, кітап оқып, Википедия секілді пайдалы ресурстардан қосымша білім алуы қажет. Сол кезде ғана ми дамып, адам жан-жақты білімді бола түседі.