Қазақша посттар
2022-04-13 16:27

Кітап оқудың пайдасы

Оқу, сабақ, тест деп жүріп, кітап оқуды кейінге шегеріп қоюға болмайды. Әр нәрсенің өз орны, уақыты бар. Онсыз да алма жеп жүрмін ғой деп, бананды жемей қойсаңыз, қалай болады?





Кітапты оқымас бұрын оның сізге пайдасы тиетінін немесе тимейтінін біліп алыңыз. Пайдалы кітап сіздің проблемаңызды шешіп береді. Ал проблемаңызды шешпейтін кітап санаңызда жай ғана ой-өрісті кеңейтетін ақпарат боп қалады.





Сәнге еріп, адамдардың бәрі оқып жатқан кітапты мен де оқуым керек деп ұрынбаңыз.



Оқу керек деп тізім жасау үшін ілім-білімнен хабары бар тұлғалардың оқуға кеңес берген кітаптарын енгізіңіз. Көзі ашық достарыңыздың рецензиясына сүйеніңіз.





Ара-арасында мағлұмат алу үшін емес, жай демалу үшін көркем әдебиет оқыңыз. Ол сіздің сөздік қорыңызды арттырады. Көркем жазу мен сауатты сөйлеуге бейсаналы түрде үйретеді.





Кітап оқу барысында жаныңызда конспект жазатын блокнот болғаны жақсы. Ұнаған сөздерді, қажетті идеяларды және кітапқа қатысы жоқ, басыңызға келген идеяларды түртіп аласыз.





Кітапты жылдам оқығыңыз келсе, көзбен оқыңыз. Дауыстап, іштей оқымаңыз. Көзбен ілесу қиын болса, саусақпен, қарындашпен оқыңыз. Оқып келе жатып, басын түсінбегендей болсаңыз, кері қайтпаңыз, ары қарай жалғастыра беріңіз. Бәрібір мазмұннан түсініп аласыз.





Сіздің санаңызда көлемі шексіз ақпараттар бар. Ми шешім қабылдағанда соларға қарайды. Ақпараттар пайдалы кітаптардан алынған болса, ми да дұрыс шешім қабылдайды.



Жалпы, кітап оқығаннан ешқашан ұтылмайсыз. Кітап оқып тұрыңыз.